Қала аумағында 13 508 коммерциялық нысандағы объектілер тіркелген

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 10 айдағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Қала аумағында, уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 13 508 коммерциялық нысандағы обьектілер тіркелген.
Салық міндеттемелерін орындалуына жүргізілген түгендеу –талдау жұмыстарының нәтижесінде, 9 750 нысаны немесе 72 пайызы салық төлеуге тартылмағыны анықталған. Департамент тарапынан, барлық нысандар бойынша, салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар жіберілген. Бүгінгі таңда, 8 385 нысан обектісі бойынша салықтық декларацияларының есеп қисабы өткізіліп, бюджетке 763,1 млн.тг. өндірілген. Салық міндеттемесін толық орындамаған немесе мүлік салығын нарықтық құннан төмен етіп төлейтін салық төлеушілермен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар коммерциялық мақсаттағы 25 063 жер участкелері тіркелген. Олардың ішінен салық міндеттемелерін толық орындамаған 21 695 салық төлеушілерге хабарламалар қалыптастырылып, бүгінгі таңда бюджетке 341 млн.тг. өндірілді.
Жеке тұлғалардың мүлік, көлік салығы бойынша. Шымкент қаласы бойынша жеке тұлғаларға тіркелген 252 700 салық салу объектілері бойынша жалпы мүлік салығы 2 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны 15 425-ке ұлғайып, есептелген салық 154 млн.теңгеге өсті. Көлік салығы бойынша 265 330 тұлғаға есептелінген көлік салығы 4,4 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны 20 086-ға ұлғайып, есептелген салық 600 млн.теңгеге өсті.
Жеке тұлғалардың берешегі бойынша. Жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша 105 900 жеке тұлғаның алдында, қордаланған берешек сома 1,7 млрд.тг. құрап отыр. Жыл басымен салыстырғанда 137,5 млн.тг. немесе 9% өскен. (01.01.2022ж. жеке тұлғалар саны – 111 710, берешек сомасы – 1 541,7 млн.тг. болған). Оның өсу себебі, 2021 жыл кезеңі үшін мүлік салығы ағымдағы жылы есептелінді. Салық төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталғанымен, 30 мыңға жуық меншік иесі 264 млн.тг астам салық міндеттемесін әлі орындамаған.



