Шымкент: Азаматтырдың бойында патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында Шымкент ардагерлері колледж студенттерімен кездесті

Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес білім ордаларында әскери-патриоттық бағытта түрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі әскери-техникалық мектеп базасында колледж студенттерімен «Ашық есік» күні және «Ерлік сабақтары» мен жалғасты. Осыған орай, Қарулы Күштердің, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатынан зардап шеккендер, жергілікті әскери басқару органдары қатысты.
Білімді ұлт: Еңбекқорлық. Отаншылдық қасиет «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» бағдарламасы аясында Шымкент ардагерлері Колледж студенттерімен кездесті. Колледж студенттері ұстаздарымен бірге әскери оқу орнының дәлізіне жиналды. Ұлдар мен қыздардың назары әскери қызметкерлер Қазақстандық әскери қызметшілердің қару-жарақ үлгілері мен заманауи киім үлгілері қойылған үстелдерге аударылды. Әскер қаруларымен танысқан соң, Білім басқармасына қарасты Ақпан батыр атындағы N10 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында лекция-әңгіме өтті. Кездесуде ардагерлер әскери борышын өтеуден қорықпау керектігін, әскери адам ең алдымен өз отбасының қорғаушысы екенін, әскерде алған дағдының өмірде септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ ардагерлер соғыс қимылдарына қатысу тәжірибесіне тоқталып, жігіттерді әрқашан Отан тыныштығы үшін – халықтың тыныштығы мен амандығын қорғауға шақырды.

Іс-шараны қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және білім басқармасының әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров атап өткендей, мұндай шаралар патриоттық тәрбиені нығайтуға септігін тигізеді. Жастарымызбен әскерилердің мұндай кездесулері өте қажет деп сөзін аяқтап сәттілік тіледі. Білім басқармасының әдістемелік орталығы КММ әдіскері Нұсқабаев Бақытжан Қалтайұлы сөз алып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін айтып, әскери жоғары оқу орындарына әрі қарай оқуға түсу үшін мектеп оқушыларымен де патриоттық бағытта тәрбие беру жұмыстарды жүргізуді одан әрі күшейтетінін айтты.



