BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 144 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 144 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
30 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 020 адам коронавирус инфекциясынан (–882+ және 138 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.