BasNewsЖаңалықтар
Тікелей эфир кезінде жерге түкірген Мәжіліс депутатына айыппұл салынды
Екібастұздан тікелей эфирге қосылып, далада сұқбат беріп тұрған Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жерге түкірген. Оның видеосы желіде жаппай тарап, ол полиция назарына да ілікті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Полиция департаменті желідегі видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 28 қарашада кешке «Хабар 24» телеарнасы эфир барысында төтенше жағдай жарияланған Екібастұз қаласына тікелей қосылды. Желідегі апатқа қатысты бүгіндері сол арада жүрген депутат Ерлан Сайыров далада тұрып сұқбат береді. Ол тікелей эфирде сөйлеп тұрып, жерге түкіре салады. Бұған наразы көрермендер аталған ыңғайсыз сәттің видеосымен желіде жаппай бөлісе бастаған. Оған полиция департаменті де назар аударды.