Жаңалықтар

Қылмыстық іздестіру саласында білікті мамандар қызмет етеді

Биыл қылмыстық іздестіру қызметіне – 104 жыл. Айтулы датаның құрметіне орай, көпшілікке бұл салада 18 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ Криминалды полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақтияр Ақбердіұлы Дулатбаевты арнайы таныстырмақпыз.

Ол 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында туылған. 1982-1993 жылдары Төле би ауданының Тоғыс ауылындағы орта мектепті бітіріп шығады. 2005 жылы Алматы қаласындағы мамандандырылған күзет қызметі басқармасына қарасты арнайы кәсіби даярлық училищесінің тыңдаушысы болады. 2006 жылы ОҚО ІІД Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Ішкі істер басқармасы патрульдік полиция тобының полицейі болып тағайындалады. Одан соң, бір жылдай ОҚО ІІД Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Ішкі істер басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліміндегі УПИ тобының учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. 2009 жылдан бастап 2011 жылдың қазанына дейін Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы Әл-Фараби ПБ Криминалдық полиция бөлімі қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілі болған. 2011 жылдан аталған бөлімде мүліктік қылмыстарды ашу тобының аға жедел уәкілі, ал 2020 жылдан бері Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында.

«Мен бала кезімнен полиция болуды, әсіресе қылмыстық іздестіру қызметінде жұмыс істеуді армандадым. Бүгінде Ішкі істер саласында өз жолымды тапқаныма қуанамын. Ал Криминалдық полиция бөлімі – аты айтып тұрғандай бұл өте жауапты әрі күрделі, алдыңғы шепте жүретін қызметті талап етеді. Кісі өлімі, зорлық-зомбылық, ұрлық, тонау сияқты қылмыстарды ашу мақсатында күн сайын еңбек етеміз. Қылмыс ашу, ол үшін оқиға орнына жету, барлық қажетті шараларды қабылдау, бәрінен бұрын бізге сенім артқан қоғамның үмітін ақтау – менің борышым»,-дейді полиция подполковнигі Бақтияр Ақбердіұлы.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің күнделікті өмірі – түрлі оқиғаларға толы. Табандылық пен тәуекел бар. Жедел уәкілдің қауырт жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жылдамдық, батылдық, әр түрлі адамдармен ортақ тіл табыса білу. Бұл қылмыстық іздестіру саласының мамандарына тән қасиеттер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button