BasNewsЖаңалықтар
Бүгінгі саудада доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,73 теңгеге көтеріліп, 468,98 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Қытай юаньінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 66,55 теңге (+0,14) болды.
Еуро мен Ресей рублімен сауда жасалған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 489,06 теңге, рубльді 7,66 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 468,5-472 теңге, еуро – 493-498 теңге, ресей рублі – 7,32-7,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 2 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,23%-ға өсіп, барреліне 87,08 доллар болды.
АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,07%-ға өсіп, барреліне 81,28 доллар болды.