Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Жұмыс сапарымен Екібастұзда жүрген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр.
3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.
Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.