Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына заңды құқықтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

«Тұрмыстық зорлық – бір адамның екінші адамға немесе туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан, міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз», – деді полиция капитаны Ж.Тасқұлова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға немесе бөлек тұрып жатқан күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық болып табылады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың даму тарихына жүгінетін болсақ, зорлық-зомбылық және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық халықтың жекелеген топтарына, мекендеу аймағы мен жергілікті жерге ғана тән емес, ол жаҺандық сипатқа ие. Таралу көлемдерінің ұлғаюына байланысты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінің бүгінгі күні халықаралық деңгейде маңыздылығы артып отыр. Әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық әрбір құрлықта әрбір мемлекет пен мәдени ортаның шешімі болып табылмаған проблемасы болып қала береді. Зорлық-зомбылық бүкіл әлемде жалғасып келеді. Отбасындағы зорлық-зомбылық ерте және мәжбүрлі некелер, жыныстық зорлық-зомбылық және әйелдердің жыныс мүшелерін зақымдау сияқты зиянды дәстүрлерді қамти отырып, әр түрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін. Бұл зорлық-зомбылық әлеуметтік және экономикалық санаттарына, этникалық және нәсілдік қатыстылығына, діни көзқарасына және білім деңгейіне қарамастан адамдардың барлық санаттарын қамтиды.

Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button