Жаңалықтар

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы

Ауаның ластану 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі,  жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі.

Казгидромет РМК –ның ауа ластануын 17 ластаушы зат бойынша  бақылайтын    6 бақылау тірегі бар.

2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша  Шымкент қаласы көтеріңкі деңгейде тұр. Статистикалық мәліметке сәйкес 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрақты көздерден ауаға ластаушы заттардың шығарындылар көлемі  33,41 мыңнан  29,55 мың тоннаға дейін төмендеуі байқалса, 2021 жылы шығарындылар: 33,16 мың тонна дейін көтерілген. Бұл жағдайды біз пандемиядан кәсіпорындардың толық куатқа шығуымен және жаңадан өндірістердің іске қосылуымен байланыстырып отырмыз.

Жалпы,  Департаментпен 2022  жылдың 10 айында 43 тексеру жүргізілді.  173 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды (Өндірілді  – 54 млн теңге). Өткен жылдың 10 айында  21 тексеру жүргізілген. Жалпы сомасы 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.  Яғни, тексеру 2 есеге жуық, айыппұл сомасы  7 есе артқан.

2022 жылы кәсіпорындардың жұмысына арыз шағымдар саны 2 есеге жуық көбейген. Тіркелген арыз – шағымдардың басым бөлігі «Оңтүстік» индустриалды аймақтағы және «Ордабасы» жекеменшік индустриалды аймағында шоғырланған кәсіпорындар бойынша түсуде. Атап айтқанда, 2021 жылы индустриалды аймақта 8 кәсіпорынға  тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам 12 әкімшілік айыппұл салынса, 2022 жылдың 10 айында 18 кәсіпорын тексеріліп, жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салынды.

Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар,  ол: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, ластаушы заттарды тазалалау қондырғыларсыз, фильтрлерсіз тыс ауаға тастау, рұқсаттарда ескерілмеген қосымша ластау көздерін пайдалану және белгіленген мөлшерден жоғары көлемде ластаушы заттарды ауаға тастау болып табылады. Аталған бұзушылықтар қаладағы ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Жазғы уақытта, әсіресе түнгі уақытта ауаның ластануы мерзімді түрде жағымсыз иістің пайда болуымен сезілуде. Ластау көзін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, түнгі кезекшілік ұйымдастырылған. Кезекшілік нәтижесімен және әлеуметтік желідегі жазбаларға  байланысты Департамент тарапынан жоғарыда аталған тексерулер тағайындалып, тиісті шаралар көрілді.

Жалпы, Департамент тарапынан ластау көздерін анықтау бағытында жұмыс атқарылуда, тексеру саны, тексеру сапасының деңгейі  жылдан жылға артуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button