Шымкент: Бей-берекет қалдық орындарын жою

2022 жылы «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторингі арқылы қала аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелерін анықтаған. Бүгінгі күнге аудан әкімдіктері тарапынан барлық нүктелер толық тазаланды.
Елді мекендерде тазалау жұмыстарын тиісті деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Шымкент қаласының аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде, Департаментпен 4 аудан әкімінің жауапты орынбасары мен бөлім басшысы, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 324 бабының 1 тармағымен, яғни санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жол картасының орындалуы. 2021 жылдың қаңтар айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі және Сіздің тарапыңыздан «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» бекітілген.
Жалпы, 29 іс-шараның ішінде 10 іс-шара орындалып, қалғандары орындалу барысында.
Жол картасы аясында:
– Көгалдандыру үшін аумағы 396 және 100 га жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді алынды;
– Жасыл желектерге төлқұжаттар ресімделді (9 саябақ, 39гүлзар);
– Жасыл желектер аумағын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді;
– 590 газ отынымен жүретін автобустар сатып алынды;
– Бей-берекет қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізілді;
– Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 3 карьерлерінің аумағы қалпына келтірілді.
Анықтама үшін.Орындалуда:
- Қала аумағын газдандыру;
- Көгалдандыру және жасыл екпелерді егу;
- Таксопарктерді газға ауыстыру;
- Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру;
– Ірі кәсіпорындарында ластаушы заттардың автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу.
Жол картасындағы іс-шаралар бойынша жауапты орындаушылар: Қалалық жайлы ортаны дамыту, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары бекітілген.



