Жаңалықтар

Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өтті

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.

ОҚМПУ-нің аға оқытушысы, теолог, РАТ мүшесі Беспаев Мади Абзалбекұлы және «Отырар» колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілген болатын.

Шараның мақсаты – жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Самат Уәлихан, “ЕуроАзиялық медиация орталығы” қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы Пилецкая Юлия Николаевна, Зоя Сергеевна және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button