Жаңалықтар

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында орталық азия инновациялық университет студенттерімен кездесу өтті

Бүгінгі күні нашақорлық — бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Сонымен қатар, есірткілер адамның өзгерген санасына басып озатын және физиологиялық және психологиялық тәуелділікті тудыратын психотроптық заттар болып табылады.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Орталық Азия Инновациялық Университеті студенттерімен кездесу өтті.

Мақсаты – есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Сембаев Нұрлан, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Қарлығаш Қорғанбаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрбаев Ерлан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы ҚР 2 дүркін чемпионы Бексұлтан Альжанов қатысты.

Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button