BasNewsЖаңалықтар
Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің көп бөлігінде аяз болады.
“Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда”, – делінген хабарламада.