BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

7 желтоқсанда Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сай, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман және көктайғақ болады. Солтүстік-батыста тау асуларында 15-20 м/с дейінгі жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.

8-9 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде де тұман күтіледі.

Back to top button