BasNewsЖаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртауда» жұмысшы қаза тапты
«АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда компанияның металлургиялық зауытының кокс өндірісінде болған.
«АрселорМиттал Теміртауда» 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін 6 қарашада кеніште тағы жұмысшының денесі табылғаны хабарланды.