BasNewsЖаңалықтар
9 желтоқсандағы саудада доллар сәл қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге көтеріліп, 472,14 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 0,01 теңгеге көтеріліп, 7,53 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 67,99 теңге (+0,31) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 495,5 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 470-473,5 теңге, еуро 497-502 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.