BasNewsЖаңалықтар
Елімізде 180 адам коронавирус жұқтырған
Кейінгі тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазақстанда бір тәулікте 180 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.
«11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1849 адам (1635 КВИ+ және 214 КВИ-) коронавирустан емделіп, оның ішінде 263 науқас стационарда, 1586 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады министрлік.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.