BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысындағы жол апатында екі көлік өртеніп, екі адам қайтыс болды

Бүгін сағат 10:30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолының 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан «Газель» автокөлігімен соқтығысып, кейін екі көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

«Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «Жол ережесін бұзу» әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалады.

«Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын, әсіресе жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді!»,-делінген хабарламада.

Back to top button