BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыдағы алаңда 17 адам ұсталды

Қарағандыдағы вокзал маңындағы алаңда жанжал болды. 17 адам ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды», – делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан қашпақ болып, қызметтік көлікті соғып кеткен. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінен қару тәркіленген.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Back to top button