BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда апат салдарынан 30 үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

Қостанайда жылу желісіндегі үзіліс салдарынан тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК мәліметінше, Герасимов көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы жылу жүйесіне зақым келген. 20 желтоқсанда мына мекенжайлардағы үйлер уақытша жылу беруден ажыратылады:

  • Герасимов көшесі, 2Б, 7, 8, 9, 10, 12;
  • «Аэропорт» шағынауданы, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 28, 29, 30, 32, 33, 35, 35А, 38, 39, 45;
  • Аэропорт көшесі, 1 (әуежай аумағында);
  • №29 орта мектеп;
  • «Қостанай» халықаралық әуежайының ғимараты.

«Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сағат 20.00-ге дейін олар ақауды жою жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Жылу беру сағат 20.00-ден 00.00-ге дейін іске қосылады», – делінген хабарламада.

Back to top button