BasNewsЖаңалықтар
Доллардың ресми бағамы белгіленді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қортындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,65 теңгеге көтеріліп, 461,23 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 460,62 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 462,86 теңге, сату – 467,07 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,11 теңгеден сатып алынып, 466,35 теңгеден сатылып жатыр.