Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды
Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Zello help еріктілер тобы хабарлады.
«Осымен бітті. Кішкентай баланы іздеуге көмектескен барша жанға алғыс айтамыз. #ZELLOPOISK командасы баланың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «Жас баланы өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. «Диапазон» мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.