Нұр-Сұлтанда төтенше жағдайды бұзғаны үшін 155 адамға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтанның құқық қорғау органдары төтенше жағдай жариялағаннан бері 206 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Basnews.kz.
Елордалық прокуратураның хабарлауынша, елу адам заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін (маска мен антисептиктерді сату) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төтенше жағдайды бұзғандардың саны – 155.
Әкімшілік материалдарды қарау нәтижелері бойынша 151 адамға жалпы сомасы 4 745 290 теңге әкімшілік айыппұл салынды, 55 адам қамауға алынды.
Сонымен қатар, сот келесі заттарды тәркіледі: антисептиктер – 2336,3 литр; медициналық маскалар – 20261 дана.
Карантин талаптарын бұзу және халық көп жиналатын орындардың заңсыз жұмыс жасау фактілері бойынша 90 тұлға жауапқа тартылды: кафе-13, азық-түлік емес дүкендер – 23, асханалар – 8, дилер – 6, бильярд клубтары – 4, ателье – 4, компьютерлік клубтар – 6,сұлулық салондар-5, сауна – 5, СПА-1, СТО – 5, көлік жуу -7.



