Ренат Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы болып тағайындалды
Ренат Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалсын», – делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін АХҚО басшысы қызметін Қайрат Келімбетов атқарған болатын.
Ренат Бектұров қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам жұмыс істеді, бұрынғы AIX қаржы директоры. Ол АХҚО әкімшілігінің активтерді басқаруды дамыту департаментінің басшысы қызметін атқарды, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында қазынашылықты басқарды. Қазақстанның Даму банкінде жұмыс істеді.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2021 жылдың 24 мамырынан бастап AIX басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Ол Лестер университетінің үздік дипломымен банк ісі және қаржы саласындағы магистр дәрежесіне және сертификатталған қаржылық талдаушы дәрежесіне ие.