Ақтөбедегі жылусыз қалған көпқабатты үйлерге жылу берілді
Ақтөбедегі барлық үйге жылу толық берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2023 жылғы 7 қаңтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілді.
«Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді. Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбедегі тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарында қосалқы апаттық-қалпына келтіру жасақтарының дайындығы жоғары, олар төтенше жағдайларда қолданылатын механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етілген», – деп жазды Ержан Байтанаев Facebook-те.