BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.

Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Back to top button