Жаркентте үш айлық қыз бала пышақталды
Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды. Панфилов ауданында үш айлық қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Жаркент қаласында болған.
Полиция департаменті жаға ұстатар жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жаркент қаласында нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі (жас адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді»,- деп мәлімдеді Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пышақ жарақтын алған нәресте шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.