BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 56 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) -2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде 220 науқас стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
– 8 адамның жағдайы ауыр,
– 6 науқастың жағдайы өте ауыр,
– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.