BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл азаматтар ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Оларды ұстап, Қарасай аудандық полиция бөлімінің изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығындағы 41 жастағы Данияр Абдіғапаров, 41 жастағы Жұмадин Патов, 39 жастағы Қанат Жақаев, 37 жастағы Айдос Нұрқалиевқа іздеу салынуда.

Өткен жылдың ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданы «қылмыскерлердің қараңғы ортасы» деп атап, жергілікті атқарушы органдарға үкіметпен бірлесіп, нарықта тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

Back to top button