BasNewsЖаңалықтар

Бүгінгі саудада доллар сәл көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 462,69 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,96 теңге (+0,38) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,21 теңге, рубльді 6,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 499-505 теңге, ресей рублі 6,55-6,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Back to top button