BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында шахтадан екі адамның денесі табылды

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан үйінді астынан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520-аумақта кен үйінділері астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Осы іске қатысты материалдарды жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталған. Олардың бірі – 1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны. Ол бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екінші қайтыс болған адам – Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Куәгердің, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген адамның айтуынша, олардың денелері үйілген кен астынан табылған. Ал содан кейін басқалардың көмегімен жер бетіне шығарылған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.

Back to top button