BasNewsЖаңалықтар

Алматыда Қаңтар оқиғасының қатысушысын азапттаған үш полицей сотталды

Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотында Қаңтар оқиғасының қатысушысын азаптады деген айыппен үш полицейге үкім шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2022 жылдың қаңтарында Р. есімді азамат полиция басқармасына төтенше жағдай кезінде көлікті басып алды деген күдікпен жеткізілген. Кейін Қ. Б. және Х. Есімді үш полиция қызметкеріне табысталған.

Б. мен Х. Р. есімді азаматты жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен және зардап шеккен әріптестері үшін кек қайтару мақсатында физикалық қысым көрсетіп, азаптаған.

Ал Қ. әріптестерінің заң бұзғанын біле тұра басшылыққа ескертпеген. Осылайша қызмет барысында әрекетсіз танытқан.

Б. мен Х. Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі «Азаптаулар» бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды және 3 жыл мемлекеттік қызметке жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал Қ. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 2-1 бөлігі «Қызметтегі әрекетсіздік» бабымен кінәлі деп танылды. Сот үкімімен 1,6 жылға бас бостандығы шектеліп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Back to top button