BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 18 қаңтардағы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі бөлісті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 000 адам коронавирус инфекциясынан (–1 841+ және 159 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 169 пациент стационарда, 1 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 9 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас Өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.