Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты
Астана маңында парашютпен секіру кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соған байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.
«2023 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты», — делінген ведомство ақпаратында.
Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған екен.
«Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін», — дейді ҚМ өкілдері.
Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болды.