BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мейрам Кожухов 1972 жылы дүниеге келген.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Саран мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы болды. Ақтас кентінің әкімі, Саран қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Back to top button