Астанада бірнеше көшенің атауы өзгертіледі
Астанада бірнеше көшенің атауы өзгертіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетінші шақырылған Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астанадағы бірнеше көшенің атауы бекітілді.
Мәслихатта А-23 көшесін белгілі жазушы және журналист Әскен Нәбиевтің есімімен, А-24 көшесін жазушы және ақын Сырбай Мәуленовтің есімімен, Е-12 көшесін Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімімен, Е-20 көшесіне ғалым Шапық Шөкиннің есімін беру, Е-756 көшесін әскери дәрігер Санжар Асфендияровтың есімімен атау ұсынылды.
187-көшеге жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімін, 189-көшеге Бейбарыс Сұлтан есімін, 23-16-көшеге ақын Мағжан Жұмабаевтың есімін қайтару ұсынылады. Мәншүк Мәметова көшесіне ең көне Қарамерген қаласының құрметіне жаңа атау берілу ұсынылды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен депутаттар көшелерге жаңа атау беруді қолдады.