BasNewsЖаңалықтар

Ақтау тұрғыны ұлына жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын мәлімдеді

Ақтау қаласының тұрғыны полицияға баласына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деп шағымданды. Аталған істің мән-жайы анықтау үстінде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2023 жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен 35 жастағы азаматша жазбаша арыз түсірді.

«Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген полиция хабарламасында.

Back to top button