BasNewsЖаңалықтар
Саудада доллар бағамы тағы сәл арзандады
27 қаңтардағы саудада доллар тағы арзандай түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 460,43 теңге болғанын мәлімдеді.
Басқа валюталармен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 502,62 теңге, рубльді 6,69 теңге, қытай юанін 68,02 деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 460,5-464 теңге, еуро 498-504 теңге, ресей рублі 6,4-6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.