BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе-Астрахань тас жолында Skoda КамАЗ-дың астына кіріп кетті

Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 523 шақырым тұсында 1959 жылы туған азаматтың басқаруындағы КамАЗ және 1956 жылы туған азаматтың басқаруындағы Skoda автокөліктері соқтығысып жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соққы салдарынан Skoda автокөлігінің 1960 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

Back to top button