BasNewsЖаңалықтар

БҚО-да ер адам сүйіктісін көсеумен ұрып өлтірген

БҚО-да ер адам азаматтық некедегі әйелді көсеумен ұрып-соққан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Әйел есін жимай, сол жерде көз жұмды.

“1990 жылғы ер адам 1982 жылғы сүйіктісінің басынан көсеумен бірнеше рет ұрды. Әйел есін жинай алмай, үйде мерт болды, – деп хабарлады полиция.

Айтуынша, екеуі жанжалдасқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button