BasNewsЖаңалықтар
Бүгінгі саудада доллар арзандады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,52 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,20 теңгені (+0,75) құрады.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,04 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-461 теңге, еуро 498-502,56 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында сатылуда.