Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер 18 жасқа дейінгі балалар азаматтығын ауыстырса, онда олар Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың шотына түсетін ақшаға салық салынбайтынын айтты.
“18 жасқа толған кезде баланың шотына Ұлттық қордан аударылған табысқа салық салу жоспарланбайды. Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды және бұл қаражат басқа балаларға бөлінеді. Жобаға 6,5 млн бала қатысады. Бала шетелге емін-еркі шығып тұра алады, ол өзінің азаматтығын өзгертпесе, онда бұл ақша оған тиесілі болып қала береді. Сондай-ақ, егер 18 жасқа толған кезде ол әлі де ҚР азаматы болса, бұл ақша оған қалады”, – деді Әлібек Қуантыров.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шот ашылып, оларға жыл сайын қаражат түсіп отырады.