BasNewsЖаңалықтар
Елімізде бір тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте Қазақстанда Ковид-19 инфекциясын жұқтырған 69 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырудың 46 жағдайы анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша 1551 адам КВИ (-1404+ және 147 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 121 науқас стационарда, 1430 адам амбулаторлық емделуде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
- жағдайы ауыр – алты науқас,
- өте ауыр жағдайда – бір науқас,
- жасанды тыныс алу аппараты – бір науқас.