BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Алматы тұрғыны әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 31 қаңтарда кешке Наурызбай ауданында, Құрамыс шағын ауданында болған.

«Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам өз әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген», – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство мәліметінше, сараптамалар тағайындалған.

Back to top button