Түркістан облысы
Түркістан қаласындағы су жиналатын орындарға 40 дренаж орнатылған
Қазіргі таңда Түркістан қаласында төтенше жағдайға байланысты арнайы 15 техника су тартуға жұмылдырылды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 31 қаңтар мен 1 ақпанда жауын-шашын болды. Жауапты мамандар 2 ақпан күні тәулік бойы облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен, тау асуларында екпіні 28 м/с жылдамдықпен жел тұрады деп ескертеді. Мамандар ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 10-12 градусқа дейін жылынатынын мәлімдеді.
Айта кетсек, жауын-шашынның салдарын жою мақсатында Түркістан қаласында су көп жиналатын аумақтарға былтыр 40 дренажды құдық орнатылған болатын. Қазіргі таңда су жиналған аумақтарда 15 техника мен 4 мотопомпа арқылы су тарту жұмыстары атқарылуда.