BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,97 теңгеге төмендеп, 458,69 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 ақпандағы ресми бағамы бір долларға – 459,92 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 459,45 теңге, сату – 463,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,66 теңгеден сатып алынып, 462,61 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button