BasNewsЖаңалықтар

Желіде 13 және 15 жастағы жасөспірімнің сексуалдық әрекеті түсірілген видео тарады

Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдердің әрекеті жазылған видео әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше тексеріс кезінде 13 және 15 жастағы жасөспірімдер анықталыпты.

“Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі “Жас балаға қатысты, сексуалдық  сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Back to top button