BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында хирургтер ер адамның асқазанынан қасық алып шықты
Қонаев қаласындағы ауруханада хирургтер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасығын алып тастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әдетте адамның асқазан-ішек жолына бөтен зат түссе, дәрігерлер күту тактикасын ұстанады. Алайда мұндай жағдайда оларға эндоскопиялық жоюға жүгінуге тура келген.
«Уақтылы диагноз қойылмаса, қабыну үдерісі, бөгде дененің айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, миграциясы, сонымен қатар өлімге әкелетін перитонитпен ішек өтімсіздігі немесе перфорацияның пайда болуы мүмкін еді», – деп түсіндірді аурухана хирургы Тахир Шкуралиев.
Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді. Ол қасықты ағзасына әдейі енгізгенін мойындайды.