BasNewsЖаңалықтар

Түркияға көмекке шыққан қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің рейсі ауа райына байланысты кешіктірілуде

Түркияға көмекке бармақшы болған қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің рейсі ауа райына байланысты кешіктірілуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Құтқару бортының ұшуы ауа райына байланысты кешіктіріледі. Өйткені Алматы әуежайы ауданында қатты тұман болды.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ РОСО құтқарушылары (Республикалық жедел-құтқару жасағы) Алматы әуежайында. Ол үшін Ил-76 жүк ұшағы бөлінген.

Олар өздерімен бірге заманауи құтқару жабдықтарымен және «КамАЗ», «ГАЗель» және «УАЗ» техникаларының үш бірлігін алып жүреді.

РОСО құтқарушыларының 33 адамы барады.

Сондай-ақ, бауырлас республикаға ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығынан бес маман жіберіледі.

Олармен бірге бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің үш өкілі ұшып кетеді.

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның қай қаласына көшірілетіні әлі белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Түркияда 7,4 баллдық қуатты жер сілкінісі болғаны хабарланды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне қайғыра көңіл айтып, Қазақстан тарапынан көмек беруді тапсырды.

Көз жұмған және зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Back to top button