Орал қаласында сұйытылған газ тапшылығы орын алды
7 ақпанда газ сататын Орал жанармай құю бекеттерінде кезек пайда бола бастады. Шағын станцияларда жанармай сатылмайды немесе тек талондармен беріледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысына сұйытылған газды Атырау мұнай өңдеу зауыты жеткізеді. Зауыттағы жоспардан тыс жөндеуден кейін тапшылық орын алды. 1 ақпанда ол жерде қондырғылардың бірінің жұмысын тоқтатуға тура келді
Жөндеу жұмыстары 18 ақпанға дейін аяқталады деп жоспарлануда, ал 23 ақпан күні компания әдеттегідей жұмыс істеуі керек. Енді өңірге отынды қайдан алдыру керек екенін талқылануда.
Биліктің мәліметінше, қалған 500 тонна отын қоры үш күнге жетеді.
«Биыл 4 ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысына жөнелту тоқтатылды. Қазіргі уақытта Zhaikmunai компаниясымен жетіспейтін көлемдерді бөлу туралы келіссөздер жүргізілді. Әзірге облыстың ішкі нарығы үшін мың тоннаға жуық келісім жасалды», – деді БҚО энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Әсел Әбуева.